+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Денсаулық сақтау министрлігі үй жағдайында карантиннің тәртібін түсіндірді

2020 жылғы 10 наурыз 15:02
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау министрлігі үй жағдайында карантиннің тәртібін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтыру қаупінің аясында болған азаматтар үшін үй жағдайында карантинде болудың ережелері мен тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз – ҚР Президенті Қызылордада коронавирус диагнозы қойылған 4 адам Шиелі және Жаңақорғанда тұрады Ибн Сина он ғасыр бұрын қазіргі карантиннің негізгі қағидаттарын қалады – сарапшы

Министрліктің хабарлауынша, үй карантині 1б санатындағы елдерден шыққаннан кейін немесе COVID-19 вирусын жұқтыруы мүмкін адаммен жақын байланыста болған күннен бастап 14 күнге созылады.

Келесі талаптар мен шарттарды орындаған жағдайда үй карантинінде болуға мүмкіндік бар:

1. Отбасының өзге мүшелерімен байланыста болмайтындай үйде жеке бөлме болуы тиіс;

2. Пациент және отбасының өзге де мүшелері кеңес берілген тиісті қорғану құралдарымен (жоқ дегенде қолғаппен немесе маскамен) қамтылып, алдын алу шараларын сақтауы (мәселен респираторлы гигиенаны, жөтел этикетін сақтап, қол алыспауы) керек.

3. Үйде COVID-19 инфекциясынан кейін тәуекел аясында қалуы мүмкін адамдар болмауы тиіс (65 жастан асқан қарттар, 5 жасқа дейінгі балалар, аяғы ауыр әйелдер, иммунитеті төмен адамдар, созылмалы жүрек, өкпе, бүйек аурулары бар адамдар).

Үй жағдайында мұндай карантинде сақтау мүмкін болмаса да адам ауруханада болуы керек.

Денсаулық сақтау министрлігі сонымен қатар үй карантинінде болған адамдар қандай нұсқаулықтарды сақтау керектігін тізіп берді:

1. Үйден шықпауы керек.

2. Жеке, желдетілетін және есігі жабық бөлмеде болуы тиіс. Бөлмеден тек қажетті процедураларды орындау кезінде қысқа уақытқа шығуға болады. Бұл жағдайда ауыз бен мұрынды медициналық маска жауып тұруы тиіс.

3. Ауыз бен мұрынды жауып тұрып, түшкіріп, жөтелу керек. Мейлінше бір реттік шытпен шынтақпен жауып, жөтелген абзал. Осыдан кейін бірден қол жуып, спирттік негізде антисептикалық затпен қолды сүрту керек.

4. Тамақтанар алдында және тамақтанғаннан кейін, дәретханадан шыққанда қолды сабынды сумен жуып, антисептикпен залалсыздандырып отыру керек. Егер қолыңызда кір болса, антисептикалық затпен сүрткенге дейін сабынмен жуған жөн. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықтарды пайдаланған абзал.

5. Мүмкіндігінше жеке дәретхана пайдаланған дұрыс.

6. Егер температураңыз көтеріліп, тыныс жолдарында ауырлық байқалса CVI байланыс орталығына хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз. Карантин туралы хабарлап, шағымдану себебін көрсетіңіз.

Үй карантиніндегі адамы бар отбасыға кеңес:

1. Карантин бөлмесіне кіре алатын отбасы мүшелерінің санын азайтып, созылмалы аурулармен ауырмайтын бір сау адамға артықшылық беру керек.

2. Үйге меймандар келмеуі тиіс.

3. Үйдің барлық мүшесі қолдарын жиі жуып тұруы керек.

4. Ас үй мен дәретхана сияқты жалпы бөлмелердің жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.

5. Карантин бөлмесіне кірген кезде, аузыңыз бен мұрныңызды жауып тұратын тығыз медициналық маска киюіңіз керек. Егер маска лас немесе дымқыл болып кетсе, оны тез арада жаңа таза құрғақ маскамен ауыстырған абзал. Масканы тиісті техниканы қолданып шешіңіз, яғни алдыңғы бөлікті ұстамаңыз. Масканы қолданғаннан кейін дереу шешіп, қолыңызды жуыңыз.

6. Карантиндегі адаммен кез келген байланыста бір реттік қолқапты пайдаланыңыз.

7. Карантиндегі адамның бөлмесін күн сайын тазалап, залалсыздандырыңыз.

8. Карантиндегі адамның барлық кір киімі мен затын жуылмай тұрып, оның бөлмесінде сақталған сөмкеде сақтау керек.

9. Карантиндегі адаммен вирус жұқтыратын заттармен бөлісуден аулақ болыңыз. Мысалы, тіс щеткасы, темекі, ыдыс-аяқ, сүлгі, төсек-орын және т.б. Ыдыс-аяқтарды сабынды сумен немесе ыдыс жуғыш затпен жууға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT