Денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағдарлануы керек – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық пен балалар спортына айрықша назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміздегі денсаулық сақтауды жаңғырту ерекше маңызға ие. Пандемия жағдайында бұл мәселенің өзектілігі анық көрінді, денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағдар алып, олардың мүдделерін, денсаулығы мен өмірін басты орынға қоюы керек. Мұндай үлгіге көшу дербестендіру, цифрлық құралдарды енгізу, халықтың білікті дәрігерлік көмекке қолжетімдігін кеңейту арқылы мүмкін болмақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында.
Осыған байланысты, аурулардың алдын алу мен ерте диагностикалауға негізделген превентивті медицинаны дамыту ерекше рөл атқарады.
«Азаматтардың салауатты өмір салты – салауатты ұлтты қалыптастырудың негізгі шарттары. Сондықтан мен Жолдауда атап өткен бұқаралық және балалар спортына ерекше назар аудару керек. Тағы да қайталағым келеді, бұл – стратегиялық маңызы бар басым міндет. Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұқаралық және балалар спортын қаржыландыру тәсілдерін қайта қарады, оларды дамыту үшін айтарлықтай үлкен ресурстармен қамтамасыз етіледі. Бұл міндет Парламент депутаттарының бақылауында болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
- Коронавирус: 53 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
- Адам капиталы мен адам құқын қорғау мәселесін Президент басты орынға қоюда — Марат Башимов
- Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
- ҚР Президент: Ұлттық кеңес жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналды
-
Зарема Шаукенова ерекше қажеттілігі бар балалар жайлы: Президент проблеманы ашық айтты
-
Мәжіліс депутаттары Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жобаларымен танысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам