+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Денсаулық вице-министрі 1500 тыныс алу құрылғысын өңірлерге жеткізуге қатысты түсініктеме берді

2020 жылғы 21 қараша 03:11
Бөлісіңіз:
Денсаулық вице-министрі 1500 тыныс алу құрылғысын өңірлерге жеткізуге қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова аймақтарға 1500 тыныс алу құрылғысын жеткізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабардайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асселсан Инжиниринг» ЖШС шығарған отандық 1500 өкпені жасанды желдеткіш аппаратын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Үкіметінің резервтік қаражаты есебінен сатып алды.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын 297 медициналық ұйымға құрылғылардың жеткізілуін бақылап отыр. Қазіргі уақытта осы медициналық ұйымдардың барлығы 1500 құрылғыны қабылдау актілеріне қол қойды. Осылайша, олар пайдалануға дайын», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова.
Келісімшарттың негізгі талабы техникалық ерекшелікке сәйкестігін қайта тексергеннен кейін құрылғыларды қабылдау болды.
Айта кету керек, іске қосу процесі құрылғыларды орнатуды, реттеуді, іске қосуды, олардың сипаттамаларын тексеруді, бағдарламалық жасақтамаға қол жеткізу үшін сервистік кодтар бойынша өндірушінің білікті мамандарды оқытуын қамтиды.
Барлық құрылғылар осы сынақтан өтті, олар дымқылдатқыштармен, компрессорлармен және басқа да қажетті компоненттермен жабдықталған.
Әсем Нүсіпова жақында көтерілген депутат сынына орай, халық қалаулысының қараша айының басында өңірлерге қойылған аппараттар кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп, қажетті инсталляциялау мен ретке келтіру рәсімдері өтіп жатқанда жасалған мониторинг деректерін алға тартқанын атап өтті. Бірақ сол кездің өзінде барлық 1500 аппарат еліміздің өңірлеріне жеткізілген. Шығыс Қазақстан облысына келетін болсақ, облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық 100 аппарат өңірдің 34 ауруханасына жеткізілген, сондай-ақ, пайдалануға дайын.
Осылайша, отандық өндірістің 1500 ӨЖЖ аппаратын жеткізу аяқталды, барлық аппараттар жұмыс жағдайында. Барлық ӨЖЖ аппараттарына 37 ай кепілдік беріледі және өндіруші қызмет көрсету бойынша барлық жағдайды назарда ұстайды.

Еске салсақ, сенатор Нұрлан Қылышбаевтың өкпені жасанды желдететін отандық аппараттардың бір бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары қабылдамағаны туралы айтты. Бұған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Талғат Жанжүменов жауап берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT