+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Депутаттар азық-түлік қауіпсіздігі бойынша комиссия құруды ұсынды

2021 жылғы 24 ақпан 15:28
Бөлісіңіз:
Депутаттар азық-түлік қауіпсіздігі бойынша комиссия құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутаттар Шардара су қоймасы мен Көксарайдың қауіпсіздігіне қатысты ұсыныс айтты Депутат газ тарту кезінде тұрғындардың шығынын азайтуға қатысты ұсыныс айтты Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады – Нұрлан Нығматулин

Оның айтуынша, отбасылық бюджетке пандемия мен карантинге байланысты азаматтардың кірісін жоғалтуы ғана емес, сонымен қатар азық-түлік бағасының бақылаусыз өсуі де кері әсер етеді. Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 11,4 пайызға өсті.

Негізінен, халық тұтынатын азық-түлік, яғни жарма, ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы, қант секілді өнімдер қымбаттады. 2020 жылдың соңғы мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық отбасылардың бюджетіндегі азық-түлік шығындарының үлесі 54,3 пайызға жетті.

Депутаттың пайымынша, бұл тұрғыда жүйелі шешім ұсынылмай келеді. Азық-түлік нарығының тұрақты жұмыс істеуін бірнеше ведомство қадағалайды. Бірақ олардың келісілген жалпы қызметінен тиісті нәтиже болмай тұр.

«Мемлекеттік механизмдер тауық жұмыртқасы немесе күнбағыс майы бағасының өсуіне байланысты жекелеген салалық іркілістерді жеңе алмайды. Оларда азық-түлік инфляциясын жұмсарту жағына өту үшін жүйелі шаралар да қамтылған», – деді халық қалаулысы.

Осы орайда А. Қоңыров ҚХП азық-түліктің экономикалық қолжетімділігіне басымдық бере отырып, азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын әзірлеу және жұмыстың осы секторына жауапты мемлекеттік органды немесе комиссияны айқындау қажет деп санайды. Сондай-ақ ол тұрақтандыру қорларының жұмысын объективті бағалауды ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT