Депутаттар заң қабылдағанда қандай мәселелерге екпін қоюы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сенат заң қабылдауға қатысты қандай негізгі мәселерді жүзеге асыруы қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Үкімет заң жобалау жұмыстарының осы жылға арналған жоспарын бекітті. 2020 жылғы жоспар жобасына маңызды мәселелерді шешуге, Тұңғыш Президент–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілген. Осыған байланысты, комитеттер алдын ала заң жобасын әзірлеушілермен заңнамалық жұмыстарды үйлестіру қажет», - деді Д. Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол депутаттардан Үкіметке жан-жақты пысықталған ұсыныстарды беруді сұрады.

«Біз осы заңнамалық қызмет пен бірге халықты алаңдататын өзекті мәселелер бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар беріп, тиісті заңдарға түзетулер енгізуіміз керек. Депутаттық сауалдардың толық жүзеге асырылуы да назарларыңызда болсын»,- деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар, ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қырқүйек айында «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыруға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіткенін еске салды.

«Сенат заң қабылдауға қатысты мына негізгі мәселерді жүзеге асыру қажет, атап айтқанда:

- құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейту арқылы азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін арттыру, сондай-ақ шынайы дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталмаған мәліметтермен қылмыстық жауаптылыққа тартуға, тек куәлік ету негізінде жауапкершілікке тарту мен соттауға тыйым салу;

- әкімшілік юстицияны енгізу, заңнамадағы барлық түсініксіз қарама-қайшылықтарды азаматтар мен бизнестің пайдасына түсіндіруді қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасқа тең жағдай жасау;

- жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту.

«Біз өз тарапымыздан заң қабылдау қызметіне жауапкершілікпен қарап, дер кезінде орындауға міндеттіміз», - деп толықтырды Сенат Төрағасы.



Соңғы жаңалықтар