Дэвис кубогы: Қазақстан – Нидерланды матчын Кукушкин жеңіспен бастады
Алғашқы кездесуде қазақстандық Михаил Кукушкин мен Нидерланды өкілі Ботик Ван де Зандшульп кортқа шықты.
М.Кукушкин әлемдік рейтингте 67-орында тұрса, қарсыласы 200-сатыда еді.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен ұтты.
Бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.
Қазіргі сәтте Қазақстанның бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте 163-орындағы Робин Хасемен ойнап жатыр. Егер ол қарсыласын тізе бүктірсе, онда Қазақстан құрамасы жұптық бәсеке нәтижесіне қарамастан, бұл матчта жеңімпаз атанады.
Бұдан кейін 21 қараша күні қазақстандықтар өз тобында Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Әр топта үздік атанғандар плей-офф бәсекесіне жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы финалына қатысатынын жазған болатынбыз.