Дэвис кубогы: Ұлыбритания – Қазақстан матчында Бублик есепті теңестірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадридте Дэвис кубогы финалында Қазақстан – Ұлыбритания матчында Александр Бублик таразы басын теңестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы әлемнің 42-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванс пен Қазақстан сапынан рейтингте 57-орындағы Александр Бублик кортқа шықты.

Бастапқы бәсекеде Михаил Кукушкин жеңіліп қалғандықтан, бұл кездесу қазақстандықтар үшін маңызды еді. Яғни Бублик те есе жіберсе, Ұлыбритания бұл матчта жеңімпаз атанар еді.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Александр Булик брейк жасай алды. Алайда ұлыбританиялық тенниші іле-шала қарымта қайырды – 4:4. Есеп 5:5 болғанда, Бублик қос бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмады. Кейін өзі доп бергенде, қателікке бой алдырып, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 5:7.

Тартысты өрбіген екінші сет барысында қазақстандық спортшы бірнеше брейк-пойтын мүлт жібергенімен, есеп 4:4 болғанда, алға шыға білді. Сосын өз геймін де жіберген жоқ – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда А.Бублик үш бірдей брейк жасап, қарсыласын күл-талқан етті деуге болады – 6:1.

Тартысты бәсеке 2 сағат 14 минутқа созылды.

Осылайша Қазақстан – Ұлыбритания матчында есеп теңесті – 1:1.

Енді матч тағдыры жұптық сында шешіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлыбританияның Қазақстанмен матчта алға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар