+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Дэвис кубогы: Ұлыбритания Қазақстанмен матчта алға шықты

2019 жылғы 21 қараша 17:37
Бөлісіңіз:
Дэвис кубогы: Ұлыбритания Қазақстанмен матчта алға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадридте Дэвис кубогы финалы аясында Қазақстан – Ұлыбритания матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дэвис кубогы: Ұлыбритания Қазақстан құрамасын жеңіп кетті Дэвис кубогы: Ұлыбритания – Қазақстан матчында Бублик есепті теңестірді Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерланды құрамасын жеңді

Алғашқы болып Қазақстаннан Михаил Кукушкин, Ұлыбританиядан Кайл Эдмунд кортқа шықты.

Дүниежүзілік рейтингте М.Кукушкин 67-орында болса, қарсыласы одан екі саты төмен еді. Дегенмен кімнің шеберлігі артық екендігі ойын үстінде көрінетіні белгілі.

Бірінші партияда ширақ ойнаған К.Эдмунд 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте ұлыбританиялық теннисші брейк жасап, алға кетті. Ол тағы бір брейкпен матчты тәмамдады – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Осылайша ұлыбританиялықтар 1:0 есебімен алға шықты.

Бұдан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 42-орындағы Дэниел Эванс шеберлік байқасады.

Жұптық кездесуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов Джейми Маррей мен Нил Скупскимен сынға түседі деп жоспарланған, дегенмен матчтың өту барысына қарай оған өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Қос құраманың қай жеңгені плей-офф бәсекесіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлыбритания құрамасының Нидерланды теннисшілерін жеңгенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT