Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, мен, Отаным - Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік.

Отанына орала салысымен Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

Соңғы жаңалықтар