Димаш Құдайберген танымалдық жағынан әлемдегі ТОП-10 әншінің қатарында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандасымыз, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде танымалдылық жағынан әлем бойынша 10 әншінің қатарына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің фанклубына сілтеме жасап.

Американың NetBase Quid атты тәуелсіз зерттеу компаниясы қараша айында әлеуметтік желіде аттары жиі аталған әлемге танымал әншілердің тізімін жасады.

Аталған ұйымның зерттеуі талдау және интернет нарығын қолданушылардың бағасына негізделіп жүргізілген.

Әлемге әйгілі әншілердің ішінде Димаш Құдайберген танымалдылық жағынан 9 орынға тұрақтаған.

Бірінші орында америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында кореялық BTS тобының мүшесі JIN және үшінші орында оңтүстіккореялық әнші Lisa (Blackpink тобының экс-мүшесі).

Сондай-ақ, әншілер рейтингіне көпке танымал Adele, Джастин Бибер және Ариана Гранде секілді өнер жұлдыздары бар.

Еске сала кетсек, қараша айының басында Димаш Құдайберген Billboard хит-шеруінде ТОП-10 енген еді.



Соңғы жаңалықтар