Димаш Құдайберген Токио джаз фестивалінде жапон тілінде ән айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 қараша күні қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Токиода өткен джаз фестивалінде алғаш рет жапон тілінде ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Токио джаз фестивалі – бұл Күншығыс елінің ірі джаз мерекесі. Танымал әлемдік музыканттарды бір сахнада жинай алатын фестивальдің ғаламшардың түкпір-түкпірінде ауқымды аудиториясы бар. Биыл фестиваль 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы себепті ұйымдастырушылар расымен де айтқысыз шоу сыйлады. Фестиваль трансляциясы Жапониядағы ең әйгілі джаз клубтарының бірі «Blue Note Tokyo»-да жасалды. Кеш жүргізушілері танымал жапон әншісі және белгілі тележүргізуші Гарри Сугияма болды.

Сахнада Makoto Ozone, Хэрби Хэнкок, Мико Хазама, BIGYUKI, Чихиро Яманака және басқа да жапондық және әлемдік әртістер өнер көрсетті.



Димаш Құдайберген Tokyo Jazz Festival-ге осымен екінші рет қатысып отыр. Ол есімі аңызға айналған әнші әрі композитор Коджи Тамакидің «Don’t Go» («Autumn Strong») әнін жапон тілінде орындады. Жүргізуші Гарри Сугияма әртісті өте жылы таныстырды: «Осыған дейін Димашты телебағдарламалардың бірінде таныстырғаным бар. Оның жанкүйерлері қатты қуанып кетті және содан бері маған қолдау білдіре бастады. Мен өте таңғалдым. Олар өте сүйкімді әрі мейірбан. Димашты шынымен де бүтін әлемде жақсы көреді және мен оның тамаша дауысын осында – Tokyo Jazz-да тыңдауға асықпын», - деді.

Айта кетейік, Димаш бұл композияны алғаш рет 2017 жылы «I am Singer» байқауында қытай тілінде шырқаған болатын.

2021 жылдың 11 қарашасында өткен «NHK Music Special» жапон телебағдарламасында әннің авторы Коджи Тамаки Димаштың орындауына жоғары баға берген еді.




Соңғы жаңалықтар