Димаш Құдайбергеннің Youtube арнасы «алтын батырмаға» ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Youtube арнасы «алтын батырмаға» ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram парақшасында айтты.

«Бүгін біздің Youtube арнамызда көрермен саны 1 миллионнан асып, осы желінің «алтын батырмасын» алдық. Ең алдымен кішігірім өнеріме баға беріп, «осы баланың болашағы жарқын болсын» деп тілеуімді тілеп отырған бүкіл әлемдегі тыңдармандарымның әрқайсына ерекше алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бірге жұмыс істеп жүрген менеджерлеріме, шығармашылығыма атсалысып жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Әрине, сонымен қатар ата-анама, туған-туыс, ағайын-бауырыма, жерлестеріме рахмет» деп ағынан жарылады видеода Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің ресми Youtube арнасы 2017 жылдың 27 қазанында жұмысын бастаған.

Қазіргі таңда арнаға 1,2 млн адам жазылған. Қаралым саны 150 миллионға жуықтаған.


Соңғы жаңалықтар