Димаштың Нью-Йорктегі концерті: Америкалықтар алған әсерімен бөлісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – He makes me cry. - This is amazing! - Splendid! -Unbelievably, I am very impressed. - Excellent! Керемет! Тамаша! Таңқаларлық! Ғажап! Теңдесі жоқ! Димаштың АҚШ-тағы жеке шығармашылық кешіне барған көрермендер алған әсерімен осылай бөлісті, деп хабарлайды Хабар 24.

АҚШ тұрғындары оны «ән шырқайтын сенсация» деп атайды. Расында да жер жүзінде сирек кездесетін дауыс кеңдігі 6 октаваны құрайды. Димаш заманауи туындыларды орындағанда классикалық музыка мәнерін қосады және дәстүрлі қазақ әндерін бүкіл әлемге танытты.

Джули Киссис, Огайо штатының тұрғыны:

- Димаш - бүкіл әлемде теңдесі жоқ дара тұлға. Ол маған ауруларға төзіп, уайымнан айырылуға көмектеседі. Мен үшін оның орны бөлек. Мен АҚШ-тағы Димаштың Фейсбуктегі фан-клубының модераторымын.

Диана Херд, Луизиана штатының тұрғыны:

- Ол түгел өмірімді өзгертті. Жасым алпыс алтыда. Өмірімде алғаш рет фан-клубқа кірдім. Димаш өзінің терең өнерімен адамдарға үміт береді. Миллиондаған әнші тыңдағанмын, бірақ ешқайсысы Димашқа ұқсамайды. Енді Димаштың отаны - Қазақстанға баруды армандап жүрмін.

Димаш Ниязов, Нью-Йорк полициясының қызметкері:

-Кеш тамаша өтті, ұмытылмас әсер қалдырды. Мұнда көп адам келді, бәріміз оны жақсы көреміз. Концертке жұбайым Дженифермен бірге келдім. Оның сүйікті әні - «Screaming».

Дженифер, Нью-Йорк тұрғыны:

- Маған Димаш дауысы мен энергетикасы өте ұнайды. Концерт барысында Димаш халықпен де араласуға үлгерді. Көрермендер сезімдерін жасырмай, әндерін қосылып айтты. Осы шоуды қоюға кәсіби хореографтар, қазақстандық бишілер мен музыканттар, операторлар мен стилистер қатысты.

Светлана, Филадельфия тұрғыны:

- «Маған «Махаббат бер маған» қазақ әні ұнайды. Димаштың оң энергетикасы бар. Өзі халыққа ашық болғандықтан, біз де жүрегімізді ашып, оған ұмтылдық.

Ханаей, Нью-Йорк тұрғыны:

-«Димаш – таңқаларлық әнші. Мен жақында ғана оның отанына, Қазақстанға барып келдім. Керемет ел!

Гүлжамал Жандалинова, фан-клуб өкілі:

- Оның әндері адамды емдейді. Мен Димаш Құдайбергеннің халықаралық фан-клубына кіремін. Сонда біз оның музыкасының шипалық әсері туралы түрлі әңгіме естіп жүрміз. Қазақстандық шоу көрермендердің таңдайын қақтырды. Бұл кешке әлемнің әр түкпірінен келген Димаштың мыңдаған жанкүйері үшін нағыз мейрам болды.

Кентукки штатының 70 жастағы тұрғыны Майкл Гарретт атақты әншімізді қазақ халқының сүйікті ұлы деп атады. Концертке билетті қыркүйек айында сатып алған ақсақал Димашқа сыйға тарту үшін өз қолымен қобдиша жасапты.

Айта кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өтті . Онда Димаш «Дайдидау» әнін орындаған сәтте көрермен орындарынан тұрып, бірге шырқады.

Фото: dimashnews.com

Соңғы жаңалықтар