Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтіп жатыр

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Димашты Нью-Йорктегі концертінің алғашқы суреттері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сілтеме жасап.

Айта кетсек, концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

Димашты Нью-Йорктегі жанкүйерлері Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайында

Қазақстанның жалауымен қарсы алған болатын.

«Arnau tour ENVOY» - маусым айында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Әлем тыңдармандары бұл кеште жаңа бағдарламамен қатар, «ARNAU» бағдарламасының үздік нөмірлерін көретін болады. Концерттің телевизиялық нұсқасының көрсетілім уақыты қосымша жарияланады.

Димаштың Нью-Йорктегі концертіне билеттер бір жарым айда сатылып кеткен.

Сондай-ақ, әншінің Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады.

Соңғы жаңалықтар