Димаштың Нью-Йорктегі жеке концертін қай телеарна көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Arnau tour ENVOY» кеші «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 10 желтоқсанда Нью-Йорктің «Barclays Center» аренасында өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

«Arnau tour ENVOY» - маусым айында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Әлем тыңдармандары бұл кеште жаңа бағдарламамен қатар, «ARNAU» бағдарламасының үздік нөмірлерін көретін болады.

Концерттің телевизиялық нұсқасының көрсетілім уақыты қосымша жарияланады.

Соңғы жаңалықтар