Дін қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырған адам жоқ - ҚМДБ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров дін қызметкерлері ішінде коронавирусты жұқтырған адамның тіркелмегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дін қызметкерлері аарсында коронавирусты жұқтырған жағдай болған жоқ. Ал коронавирустан қайтыс болған адамның жаназасын шығару барысында имам алыстан қатысты. Жерлеу процесіне имам қатыспайды. Жаназа шығарған имам карантинге жатқызылған жоқ», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров.

Оның айтуынша ҚМДБ коронавирустан қайтыс болған адамның жаназасына ең жақын туыстардың қатысуына үндеген. Үндеу жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу үшін жарияланған.

Еске сала кетсек бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап мешітке келетін жамағатқа үндеу тастаған болатын.



Соңғы жаңалықтар