Домбыра күні: Танымал түрік әншісі Қорқыт ата хикаясына музыка жазды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал түрік әншісі Ирфан Гүрдал бауырлас Қазақстан халқын «Ұлттық домбыра күнімен» құттықтап, Қорқыт ата хикаясына музыка жазып, тарту етті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркі халықтарында ат -ердің қанаты, айнымас досы, сырласы. Қорқыт Ата хикаясында Бамсы Бәйрек 16 жыл зынданда жатады. Бамсының адал досы аты Байшұбар оны соншама уақыт зындан маңында күтеді. Бамсы сонда «саған ат емес, бауырым дер едім, бауырдан да жақынсың» деген екен», - деп жазылған мәдени орталық хабарламасында.

Еске салсақ, Қазақстанда 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді. Сонымен қатар Түркияда домбыра күні атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар