Допинг операциясы: Төрт күнде 63 адам жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16-20 қараша күндері полиция қызметкерлері республика бойынша «Дәрмек» (Допинг) жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтады.

«Бұл операцияның мақсаты – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғандарды, фармацевтикалық қызмет қағидаларын және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға арналған талаптарды бұзу фактілерін анықтау болды. Нәтижесінде 5 мыңнан астам есірткі ампуласы, шамамен 300 ампула мен психотроптық заттардың таблеткалары тәркіленіп алынды. Әкімшілік жауапқа 63 адам тартылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, 26 қараша күні ҚР Ішкі істер министрлігі, аумақтық органдар мен ішкі істер бөлімшелері және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері алғаш рет ZOOM платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді.


Соңғы жаңалықтар