+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен ұтты

2020 жылғы 14 қаңтар 17:17
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен ұтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасын екінші рет ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Николай Шавалдиннің шәкірттері ойын тізгінін бірден қолға алып, шеберліктерінің басым екендіктерін айқын көрсете білді.

Бірінші таймда ресейлік легионер Александр Штеле есеп ашса, қазандықтардан Данила Ахмадеев таразы басын теңестірді. Бұдан кейін Павел Чебаков «Ақжайықты» алға шығарса, тағы бір ресейлік Сергей Башаев қатарынан екі доп соғып, есепті 4:1-ге жеткізді.

Екінші таймда команда сұрмергені, ресейлік Максим Пахомов, П.Чебаков пен А.Штеле есепті еселей түсті –7:1. Қонақтардың қақпасына белгіленген 12 метрлік айып добын Александр Семенов соға алды. Бірақ М.Пахомов тағы екі голдың авторы атанды – 9:2 (оның есебінде қазірдің өзінде 35 доп бар). С.Башаев та осы бәсекедегі үшінші добын соқты – 10:2. Жас ойыншылардың бірі Андрей Гущин екінші таймда айдынға шыққан қақпашы Бержан Ахметжановтан алған пасты голға айналдырып, матч нүктесін қойды – 11:2.

Бұл жеңістен кейін «Ақжайық» екінші топта 28 ұпаймен бұрынғыша үшінші орында келеді. Оралдықтар 17-18 қаңтарда Воткинскіде көш бастаушы команданың бірі «Знамя-Удмуртиямен» кездеседі. Бұл матчтарда ұпай олжалау қиын, өйткені ресейлік төрешілердің өз командасына бүйрегі бұратыны анық. Содан кейін оралдық клуб өз айдынына қайтып оралады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Қазанда айдын иелерін жеңгенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT