+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Дос Көшім жаңа әліпби жайында: Процесс тоқтаусыз жүреді

2021 жылғы 29 қаңтар 17:31
Бөлісіңіз:
Дос Көшім жаңа әліпби жайында: Процесс тоқтаусыз жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күні кеше Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Онда Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланған болатын. Осыған орай қоғам қайраткері Дос Көшімнен латын әліпбиіне көшуге қатысты пікірін білген едік.

Ұқсас жаңалықтар

- Дос Қалмаханұлы, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу қандай қажеттіліктен туындап отыр? Алдымен осыған қатысты пікіріңізді білсек...

- Негізгі мақсат – бұл өзіміздің фонетикалық жүйемізді дұрыстау. Себебі, кириллица арқылы тілімізді бұзып алдық. Өйткені, кириллицада біздің артикуляциямызда жоқ дыбыстар болды да төл дыбыстарымыз екінші орынға түсіп қалды. Жалпы, меніңше, 42 әріп, 37 дыбыс бар ел әлемде жоқ сияқты. Бізге 1939 жылы орыс әліпбиін берді және соған өзіміздің төл дыбыстарымызды қосқан едік. Сондықтан біздің осы күнге дейінгі әліпбиіміз – кириллица орыс-қазақ әліпбиі. Бұл қазақ әліпбиі емес. Сол себепті өзіміздің қазақ әліпбиін жасауға, көшуге тура келіп отыр. Мұны 1939 жылдан бері тілші ғалымдарымыз «қазақ әліпбиі» емес деп ашық айтып келеді. Соған енді ғана қолымыз жетіп отыр.

- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталғаны белгілі. Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы әзірленіпті. Сол 40-тан астам нұсқаның бірде-бірі неліктен бекітілмеді?

- Ұмытпасам, 2017 жылдың қыркүйегінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Ербол Тілешов алғашқы әліпбиді Парламент қабырғасында таныстырып, көрсеткен болатын. Бұл нұсқадағы үлкен кемшілік - диграфтар. Қателеспесем, 8 әріп 2 таңбамен берілетін. Бұл өте қолайсыз еді. Сондықтан басқа нұсқаларын іздедік. Сөйтіп келе қараша айында Президентпен кездесуден кейін екінші нұсқа әзірленді. Оның да өз кемшіліктері анықталды. Яғни, әріптердің үстіне қойылатын белгілер, апострофтар көп болды. Қысқасы әріп үстіндегі белгілердің көптігі кемшілік саналды. Иә, бірлі-екілі әріптің үстіне апострофтар болатын да шығар. Бірақ, оның көп болуы қолайсыздық тудырады. Сондықтан осы уақытқа дейін оны дұрыстаумен болдық. Шындығына келгенде әліпбиі дайындаудың өзіне 4 жылға жуық уақыт кетті. Дегенмен, асығатын ештеңе де жоқ. Әліпбиімізді асықпай дайындап алғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Ал алғашқы нұсқаларының бәрінің өтпеу себебі толық жетілдірілмегендігінде болып тұр. Бұл процесс екендігін түсінуіміз керек.

- Кешегі Үкімет басшысының төрағалығымен өткен жиында жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі мақұлданғаны белгілі. Дегенмен оған кезең-кезеңмен көшу 2023 жылдан басталып, 2031 жылға дейінгі аралыққа жоспарланып отыр. Уақытты мұншалықты ұзаққа созу не үшін қажет?

- 2000 жылы Әзербайжанда өткен сайлауға байқаушылар миссиясының құрамында болып барғаным есімде. Әзербайжан Абульфаз Эльчибей Президент болып тұрған кезде латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге 1991 жылы көшуді бастап, енді аяқтап жатқан сәт екен. Жаңа әліпбиге толық көшу процесі 9 жылға созылыпты. Бірде өзім тоқтаған қонақ үйдің төменгі қабатына түсіп, газет сататын арнаулы дүңгіршекке бардым. Сонда байқағаным, дүңгіршектегі 5 газеттің екеуі латын графикасында, ал үшеуі кириллицамен басып шығарылған. Ал бұл Әзербайжан латын әліпбиіне көшкеннен кейінгі тоғызыншы жылда болған оқиға. Мұнан бөлек, көшелерде жазбалардың кейбірі латын әліпбиімен, кейбірі кириллицамен жазылып тұрғанын байқадым. Демек, бұл - үлкен, ұзақ уақытқа созылатын процесс. Меніңше, мұны асықтырудың да еш қажеті жоқ сияқты. Себебі, латын әліпбиіне көшу 2-3 жылдың ішінде бола қояды дегенге өз басым сенбеймін. Ұзаққа созылады. Бір анығы, біз енді кейін қайырылмаймыз. Осы процесс тоқтаусыз жүреді. Яғни, «кириллицаға оралу» деген ойдың өзі болмауы тиіс. Ақырындап, өзіміздің дайындығымызға сай, кезең-кезеңмен жүзеге асырғанымыз оңды болады. Иә, ұзаққа созылады. Бірақ, одан қашпауымыз керек.

- Сұхбатыңызға рақмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT