Досаев Елбасына Ұлттық қор туралы ақпарат берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің төрағасы Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтын валюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Е.Досаев «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалды.


Соңғы жаңалықтар