«Достық» каналының қазақстандық бөлігіне жіберілетін су көлемі ұлғайды – Экология министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру көлемі ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар миннистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрлері телефон арқылы сөйлесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 26 шілдеде Душанбе қаласында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Тәжікстан Республикасының Энергетика және су шаруашылығы министрі Д. Джумамен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің су шаруашылығының мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы Бахри-Точик су қоймасынан су тастауды ұлғайтқаны үшін тәжік тарапына алғыс білдірді.

Мәселен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету мақсатында «Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру 80 м3/с-нан 100 м3/с-қа дейін ұлғайтылды.

«Тараптар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды жалғастыруға келісті»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар