Дүнгендер қауымдастығының мүшесі: Елдің бірлігі – басты байлығымыз

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуі - бұл қосымша тағы бір тілді меңгеру деген сөз. «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Динара Нұралиева ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына орай осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ​

Мемлекет басшысының мақаласын оқығаннан кейін біз оның Қазақстанның өсу және қалыптасу кезеңдерінің барлығын қамтитын іргелі екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Маған әсіресе мақалада Тәуелсіздіктің ең үлкен құндылығы екендігі туралы ойлар ұнады.​ Ең жоғарғы деңгейінде Отанымыздың тарихи сабақтастығын түсіндіру үшін дұрыс бағыттар берілді. Біздің жеріміздің тарихы ғасырлар бойына кетеді.​ Бүкіл әлем біздің территориялық тұтастығымыздың халықаралық шарттармен қамтамасыз етілгенін естіді. ​ Келесі өте маңызды сөздер –экология жайлы.Біз өз жерімізге зиян келтіріп жатқанымызды мойындауымыз керек. Президент Көкжайлау, Көбейтұз көлінің экологиялық проблемаларын көтерді. Жас ұрпақты табиғатты құрметтеуге баулу бала кезінен қажет.Біз, мұғалімдер ата-аналармен бірге ​ балалардың бойында өз жеріне, қоршаған ортаға деген құрмет сезімдерін күшейтіп қалыптастыруымызды жалғастырамыз.​ Соның ішінде мемлекеттік тіл бойынша жазған ойына тоқталдым. Басшымыз осы азаттық кезеңінде мемлекеттік тілдің дәрежесі артып, өзге этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тіл білушілердің үлесінің артқандығын айтып өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы тіл игеру үшін қазақтың үздік қаламгерлерінінің шығармаларын, сондай-ақ шетел жазушыларының туындыларын қазақ тіліне аударып, балалардың бойына сіңірту қажеттігін, мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті екендігін, барша Қазақстанның халқына қазақ тілін меңгермеген отандастарына елдің бірлікте, ынтымақта болуы үшін мемлекеттік тілді үйренуге үндеу тастады.​ Мен президентіміздің айтқандарына толықтай қосыламын. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуі - бұл тағы да қосымша бір тілді білу дегенді білдіреді. Тілді меңгеру үшін басты нәрсе ол - зейін, сол тілді үйренемін деген адамда пейіл болу керек.​ Қоғамды біріктіруге мүмкіндік беретін барынша көп жалпы құндылықтарды құру - бұл мемлекеттің де, жалпы әрбір азаматтың да маңызды міндеттерінің бірі.

Өмір сүру,өсу үшін барлық жағдай және барлығына тең мүмкіндіктер жасалынды. Біздің ұлтаралық келісім саясаты бүкіл әлемге танылды. Біз осындай бірлікке негізделген халқымыздың үйлесімдігін бағалай білуіміз керек.​ Қазақ тілді ​ республикамыздағы өзге этнос өкілдері мен қазақ халқын біріктіруші күшіне айналдырып, қазақ тілі мемлекеттік тілі ғана емес,ұлтаралық тілі болу керек.

Біз өз мемлекеттілігімізді саналы түрде бағалап, еліміздің жетістіктеріне шын жүректен мақтануымыз керек. Елдің әртүрлілігі мен бірлігі –біздің басты байлығымыз!​


Соңғы жаңалықтар