Дүниежүзі бойынша Instagram мен WhatsApp мессенджерінде ақау пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзі бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджерінде ақау пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Downdetector сервисіне сілтеме жасап.

Көптеген елдегі пайдаланушылар осы мәселе бойынша шағымданды. Қазақстанда WhatsApp мессенджері жұмыс істемей тұр.

Ал әлемдегі пайдаланушылар Facebook-ке кіре алмағынын, оған қатысты сервистер қолжетімсіз екенін айтып шағымданды.

Downdetector сервисінің мәліметінше:

Facebook: 88% қолданушының айтуынша сайтта ақау бар, 11%-ы сервиске кіре алмаған.

Instagram: 54% қолданушыда жүктелмеген, 31%-да авторлану проблемасы, 14% веб-нұсқасына қосыла алмаған.

WhatsApp: 54% серверге қосыла алмаған, кейбіреулері мессенджердің веб нұсқасына қосыла алмаған немесе авторлану проблемасы.


Соңғы жаңалықтар