Душанбеде Орталық Азия елдері омбудсмендерінің кездесуі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Душанбеде Орталық Азия елдері омбудсмендерінің кеңесіне қатысты, деп хабарлайды аталған уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының және БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған кездесу барысында аймақ елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің ынтымақтастығының «жол картасы» жобасы талқыланды. Қаралған іс-қимыл жоспары құқық қорғау жұмысының өзара іс-қимылы және тәжірибесімен алмасуды, осы саладағы жалпыға танылған халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді ілгерілетуді көздейді.

Кеңес қорытындысы бойынша маусым айында Ташкент қаласында жоғарыда көрсетілген құжатты бекіту туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар