07:45, 06 Шілде 2020 | GMT +6
Дүйсенбі күні Атырау мен Оралда ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 6 шілде күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметінше, 6 шілде күні Атырау және Орал қалаларында ауа ластануы ықтимал.
Ал еліміздің қалған қалаларында метеожағдай бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.