Дзюдо: Шымкентте қала біріншілігі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы №1 олимпиада резервін дайындайтын спорт мектебінде дзюдо күресінен қала біріншілігі өтті. Спорттық шараға қатысқан 800-ге жуық жас палуан өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төртжылдықтың басты додасы - олимпиада мен әлем чемпионаттарында, түрлі халықаралық додаларда күрес ережелері мен тәртібі өзгеруде. Осыған орай, дзюдо күресінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілікте мамандар әлемдік тәжірибеге сүйеніп, жарысты жаңаша бағытта өткізді.

Сайысқа 2006-2007, 2008-2009 жылы туған жас өрендер қатысты. Олардың арасында әр спорт мектебінен оза шапқан жасөспірімдер бар. Бұл сайыс алдағы кезде өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысы болды.

Сондай-ақ, 16 салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанғандар маусым айында өтетін ҚР чемпионатында ішкі жастар арасындағы жарысқа жолдама алды.

Айта кетейік, олимпиада ойындарында көптеп медальдер жиынтығын беретін дзюдо спорты шымшаһарда қарқынды дамып келеді.

Соңғы жаңалықтар