ЕАЭО елдері құрлықтағы тасымалды дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО елдері құрлықтағы тасымалды дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шаруашылық тәртібі іс-шараларының өзгеруі Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтағы көлік-логистикалық күре жолға деген жоғары қызығушылыққа түрткі болады. Жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға қатысты сұраныс әдеттегіден де жоғары Осы тұрғыда Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық, геоэкономикалқ басымдығы бар. Біз постпандемиялық қалыпқа келудің негізгі факторларының бірі бола алатын құрлықтағы тасымалды дамытуда айтарлықтай әлеуетке иеміз»,- деді ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Одақ елдері жылдам трансқұрлықтық дәліздерді қалыпастыру, олардың қолданыстағы және алдағы уақытта балама жолдармен салыстырғанда өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Трансшекаралық күре жолдар мен азық-түлік түлік қауіпсіздігін үйлестіру тұрғысында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың тауар өткізуші желісін құруға қатысты бастамасына барынша тыңғылықпен қарау мақсатқа сай болар еді деп есептейміз. Қазақстан соңғы 2 жылда көтерме-тарату орталқтарының ұлттық желісін құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Біз Одаққа мүше елдердің тауар өткізуші жүйесін құру және интеграциялауға белсенді қатысуға дайынбыз. Бұл жұмысқа Еуразиялық даму банкінің белсенді қосылып, қазіргі уақытта тиісті қолданбалы зерттеу жүргізіп жатқаны қуантады», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар