ЕАЭО елдерімен өзара сауда: тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жобасының мерзімі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен өзара саудада экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылғандығы туралы еске салады.

Пилоттық жоба шеңберінде ЕАЭО елдерімен экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде шекарадан өткенге дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу көзделген.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында ЕАЭО елдерімен автомобиль өткізу бекеттерінде мемлекеттік кірістер органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растауды жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мониторинг нәтижелері бойынша пилоттық жоба басталғаннан бері ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде салық төлеушілердің 22% тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдемегені анықталды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі пилоттық жоба міндетті ресімдеуге жұмсақ көшуді қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өткен жөн, бұл салық төлеушілерге тауарларға ілеспе жүкқұжаттармен жұмысқа бейімделуге, есеп жүйелерін қондыруға және контрагенттермен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды 2022 жылғы 1 сәуірден бастап міндетті рәсімдеуге дайындық мақсатында пилоттық жоба барысында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге шақырады.


Соңғы жаңалықтар