ЕАЭО-ның қай елдерінде ең жас министрлер қызмет етіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жасы үлкен министрлер Ресей, Беларусь және Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, зерттеу барысында министрлердің жас ерекшелігі бойынша рейтинг жасалған.
Биылдың басында ЕАЭО елдері министрлерінің орташа жасы 49,3 жылды құрады. Ең жас министрлер Арменияда екен: осы елдегі ведомство басшыларының орташа жасы - 45,3. Ал жасы үлкен министрлер Ресейде тіркелді, яғни бұл елдегі басшылардың орташа жасы 52,2 болды. Қазақстан рейтингінің ортасында орналасты, еліміздегі министрлердің орташа жасы 48-ге жетті.
Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Ресейдегі Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың (70,8 жаста) жасы үлкен екен. Ең жасы - Арменияның Әділет министрі Рустам Бадасян, ол 30-ға толған.
Қазақстандағы ведомство басшылары арасында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста) пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың (58 жаста) жасы үлкен. Сонымен қатар еліміздегі ең жасы - 1986 жылы дүниеге келген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.
- Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды - Нұрлан Нығматулин
- Ақтөбеде қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің көлемі артты
- Ерлан Қиясов Үкімет мүшелеріне қай вакцина салынатынын айтты
- Министрлер Nur Otan партиясында азаматтарды онлайн қабылдауда
-
Қазақстандағы апта ішіндегі тағайындаулар
-
СҚО сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңірлер қатарында
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам