Еден жуушы миллионға жуық теңге ұрлап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында ұрлық жасау күдігіне іліккен 35 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдікті әйелдің ТОО кеңселерінің бірінде еден жуушы болып жұмыс істейтіндігі анықталды. Ол кезекшілігі барысында үстелдің астында тұрған ақша қаражатын байқаған. Бөгде адамдардың жоқ екендігін байқаған әйел 950 мың теңгені ұрлап кеткен.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті барынша қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді», - деді департаменттен.
- Нұр-Сұлтан қаласында жолдағы шұңқырға көлік түсіп кетті
- Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып барып тоқтады
- Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр
- Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі
-
Лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған елорда тұрғыны ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам