Едіге мен Исатай Тайманұлының жерленген жерін анықтауға генетикалық зерттеу жүргізілуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Едіге мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын анықтау мақсатында этнологиялық экспедиция, генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар іс қолға алынды. «Туған жер» арнайы жобасың «Тәуелсіздікке тағзым» тармағы аясында биыл меценаттарының көмегімен барлығы 490 млн теңгеге 289 жоба жүзеге асырылды. Ал «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы аясында облыс аумағындағы 45 ескерткішке, оның ішінде қала аумағындағы 11, аудандардағы 34 ескерткішке QR код орнатылды.

«Облыстың тарихи, этнография және мәдениет ескерткіштерін зерттеу мақсатында Мұғалжар ауданындағы «Төлеубұлақ» үңгірінің петроглифін, Байғанин ауданында Доңызтау аймағы «Жезді» қалашық бекінісінің орны, Мәртөк ауданында Қорайлы-3 қорымында бірлескен археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ақтөбе облысының киелі жерлері» атты үш тілдегі ұжымдық монография жыл соңына дейін баспадан шығарылады. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында бірқатар жұмыс жүзеге асырылмақ. Соның ішінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Едіге әмірдің және Исатай Тайманұлының жерленген орындарын анықтау мақсатында этнографиялық экспедиция жұмысы, архивтік-библиографиялық ізденіс, генетикалық сараптама жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр«,- деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова.
Айта кетейік, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы аясында алаш арыстарына арналған «Азаттықтың ақ таңы» тарихи кешені салынып, композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш орнату жоспарда бар.


Соңғы жаңалықтар