ЕЭК Кеңесі Қазақстанға салықсыз тауар тасымалдау мерзімін ұзартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялқ экономикалық комиссия Кеңесі коронавирустың таралуының алдын алу үшін қолданылатын тауарларды салықтан босату мерзімін ұзарту жөніне шешім қабылдады.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңілдікті тарифтер 2022 жылдың 30 маусымынан бастап іске қосылады. Нақты айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына дәрі-дәрмек пен дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған кейбір компоненттерді, медициналық препартаттар мен респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, рәзіңке қолғаптар, медициналық құралдар мен аппаратураларды, сондай-ақ бокстар мен пациенттерді тасымалдауға арналған зембілдерді бұрынғыдай салықсыз кіргізе беруге болады.

«Қазіргі таңда әлемдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз, сондықтан Одаққа мүше мемлекеттер COVID -19 вирусының одан әрі тарауына дайын болуы керек. Сондай-ақ жағдай қалай қарай өзгерсе де оған лайықты жауап бере алатындай жағдай қалыптастыру керек»,-деді ЕЭО Сауда министрі Андрей Слепнев.

Шешім ресми түрде жарияланған күннен кейін 10 күн ішінде күшіне енеді және 2021 жылдың 1 сәуірінен басталған құқықтық қатынастарға ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар