«Egemen Qazaqstan» газетінің эспедициясы Баянауылда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамына қарайтын қос газеттің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған «Атамекен» мәдени-ағартушылық экспедициясы керуен басын Павлодар облысына бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін де жазғанымыздай , өңірлердің тарихи-мәдени және туристік әлеуетін, Тәуелсіздік жылдарында осы салада қол жеткізген елеулі жетістіктер мен табыстарды насихаттау үшін қолға алынған экспедиция челлендж форматында өткізіліп, бір облыстан екіншісіне жолданып отырады. Сол тәртіп бойынша экспедиция тізгіні Павлодар облысына берілген.

Құрамында «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің меншікті тілшілері, облыстық әкімдік қызметшілері мен жергілікті БАҚ өкілдері, «Қағандық» қоғамдық қорының төрағасы Еркеғали Жанғазы бастаған экспедиция Баянауыл өңірінің киелі жерлерін аралап, тағлымды шараларға қатысып қайтты.

«Жүрген жолымыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұса Шорманұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенелері, Қоңырәулие үңгірі, Сақ заманынан қалған Мұртты қорғаны арқылы өтті.

Баян өңірінің өлкетанушыларының қызықты да тартымды әңгімелерін тыңдап, қасиетті орындардың маңыздылығы туралы мәліметтер алдық. Атақты аталарымыздың аруақтарына арнап дұға бағыштадық.

Сапар қызықты және уақыты тығыз болды. Аймағымыздың киелі орындарының кішкентай ғана бөлігін аралауға бір күн уақытымыз азшылық етті. Дегенмен болашақта мұндай сапарлар болып тұрады деп ойлаймыз», - деп жазды Еркеғали Жанғазы.


Соңғы жаңалықтар