Еgov порталына биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылады - Бағдат Мусин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы айдың соңына дейін Еgov порталына биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін еgov-қа көшудің басты қиындығы - ол электронды цифрлық қолтаңбаны орнату, мобильдік базада тіркелу. Осы тетіктерді шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асуда. Енді еgov пайдаланушысы болу үшін смартфоныңызды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір осы тетік тестілеуден өтіп жатыр. Қарашаның соңына дейін іске қосамыз», - деді министр.
Оның айтуынша, көп талап етілетін құжаттарды еgov mobile қосымшасына цифрлық түрде шығарылды.
«Цифрлық құжаттар қызметіне жеке куәліктен басқа жүргізуші куәлігі, дипломдар және басқа құжаттар шығарылады. Мұндай құжаттар түрі әлі де көбейеді», - деді Бағдат Мусин.
- Әсет Тұрысов цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
- Вице-министр Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды
- ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды
-
Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
-
Қостанай облысында алимент төлеуден қашқан 119 әкенің мүлкі тәркіленді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам