Екі айда бюджетке қанша салық түсті

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-ақпан айларында 1 391,2 млрд теңге салық түскен. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер бойынша жоспары өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға немесе 194,2 млрд теңгеге төмендеумен 121,3%-ға орындалды

(1 146,6 млрд. теңге жоспар бойынша 244,6 млрд. теңге асыра орындаумен
1 391,2 млрд. теңге түсті)
, оның ішінде:

- Республикалық бюджет өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға немесе 194,0 млрд. теңгеге төмендеумен 113,6%-ға (750,7 млрд. теңге жоспар бойынша 102,2 млрд. теңгеге асыра орындаумен 852,9 млрд. теңге түсті) орындалды;

- Жергілікті бюджет 136,0%-ға орындалды (395,9 млрд. теңге жоспар бойынша 142,4 млрд. теңгеге асыра орындаумен 538,3 млрд. теңге түсті), өсу қарқыны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100,0%-ды құрады.

Республикалық бюджет жоспарын асыра орындауға әсер еткен негізгі факторлар:

- мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспар 35$ ставка бойынша салынды, мәселен ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында орташа ставка 55,2$ деңгейінде қалыптасты.

- 2020 жылғы 4-тоқсанында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде күміс 40,9%-ға, алтын 26,4%-ға, мыс 21,1%-ға, уран 17,5%-ға, мырыш 11,6%-ға, темір рудасы (концентраты) 58,7%-ға бағаның өсуі байқалады.


Соңғы жаңалықтар