Екі науқаспен байланыста болған адамдарды анықтау қиын болды – Алматының бас дәрігері

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырғандардың дені - сырттан келгендер және солармен байланыста болғандар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі COVID-2019 негізінен сырттан келгендер мен солармен байланыстан болғандардан табылып жатыр. Екі қала тұрғыны бұл азаматтармен байланысқа түспесе де, вирус жұқтырған. Оны анықтау қиын болды. Қазір екеуі де стационарда ем қабылдап жатыр», - деді онлайн брифинг кезінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, науқас адамдармен байланыста болған таныстарының барлығы қазір анықталып, оқшауланған. Жақын байланыста болғандар провизорлық және карантиндік стационарлық емханада жатыр.

«Қаладағы карантин жағдайында аурудың алдын алудың бірден бір жолы – үйден шықпау», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар