Екі облыста заңсыз сатылмақ болған 9 мың маска мен 700 антисептик тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің екі өңірінде антисептикалық заттар мен медициналық маскаларды заңсыз сату фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайда Қаржы мониторингі комитеті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында медициналық маскалар мен антисептикалық препараттарды сату кезінде заң бұзушылық фактілерін анықтады.

«Комитеттің Түркістан және Маңғыстау облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 1 452 500 теңгеге 9350 дана медициналық маска, 770 000 теңге сомасына 700 антисептик (көлемі 100 мл.) тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны ҚР АҚК 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Ақтау қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігіне сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хаттамасының 8-тармағына сәйкес тәркіленген медициналық өнімдер денсаулық сақтау мекемелеріне жауапты сақтауға тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар