+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Екібастұзда көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

2021 жылғы 24 ақпан 12:38
Бөлісіңіз:
Екібастұзда көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда адам өліміне қатысты күдікті ұсталып, қылмыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түрмеде отырып, қылмыстық топ құрған: БҚО-да есірткі сатушылар сотталды СҚО-да студенттер эвакуатормен вагон ұрлап кеткен Аузына картоп тығындаған: Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты


Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам өзге ер адамға оқ атып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ тәркіленді. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Еске сала кетейік, кеше Екібастұзда қала тұрғындарының көзінше ер адамды атып кеткен болатын. Қылмыс барысы көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT