+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

2020 жылғы 18 қыркүйек 12:22
Бөлісіңіз:
Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды. Бұл туралы «Atamnyn amanaty» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аида Балаева: Кез келген жұмыстың жемісті болуы ғылыми негіз бен жанашыр маманға байланысты «Бақытты отбасы» көпбалалы аналардың іскерлік белсенділігінің орталығына айналды - Сағынтаев Қазақстандықтар психотерапиялық көмекті онлайн ала алады

«Қазақстан жерінен соғысқа 1,5 миллионннан астам жауынгер мен офицер майданға аттанса, соның 271 мыңы із-түзсіз жоғалғандар санатына жатады. Кез келген жауынгер үшін көмусіз қалу және із-түзсіз жоғалғандар тізіміне ену үлкен қасірет саналатын шығар. Сондықтан да біздің бірлестік осы есімдерді ұрпақтарының жадына оралту мақсатында құрылған еді», - деді ол онлайн баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, ол үшін арнаулы сайт құрылған және оған соғысқа аттанып із-түзсіз жоғалған жақындарын іздеген кез келген адам жүгіне алады.

«Биыл 3 мыңнан астам өтінім түскен еді. Оның ішінде 600 өтінімді орындап, ұрпақтарына 600 жауынгердің есімін қайтара алдық», - деді Мұрат Молдағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT