+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Эколог Қазақстандағы климаттық өзгерістердің зардабы қандай болатынын айтты

2021 жылғы 22 сәуір 18:38
Бөлісіңіз:
Эколог Қазақстандағы климаттық өзгерістердің зардабы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ECOJER» қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжанов еліміздегі күтілетін климаттық өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда қоқыс басқан «Голубая бухта» туристік аймағы тазаланды Маңғыстаулық жастар «Киелі табиғат» экологиялық жобасына қатысты Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

«Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы климаттық өзгерістердің салдарынан жер шөлейттеніп, биологиялық алуандыққа нұқсан келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етіп, басқа да жағымсыз әсерлерге алып келеді», - деді Рүстем Қабжанов елордада өткен әлеуметтік жобалар форумында.

Табиғат жанашыры 2016 жылы Қазақстан Париж келісімін ратификациялап, 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға қысқартуға міндеттеме алғанын еске салды.

«Парниктік газ шығарындыларының негізгі үлесі энергетика саласына тиесілі. Барлық шығарындылардың 40%-дан астамын осы сала бөледі. Жылу және электр энергиясын өндіру үшін көмір қолданып отырмыз. Соңғы жылдары жаңартылатын энергия көздері белсенді дамығаны рас. Алайда, 1990 жылға қарағанда парниктік газдардың төмендеу үлесі әлі де айтарлықтай емес. Керісінше, 2013-2018 жылдар аралығында шығарындылар көлемі 27,8%-ға өсті», - деді «ECOJER» басшысы.

Сарапшы дамыған елдердің көбі көміртегін тұтыну көлемін азайта отырып дамудың ұлттық стратегияларын қабылдап жатқанын атап өтті. Қазақстан да солардан қалыспай, 2050 жылға дейінгі тұжырымдаманы әзірлейтін жұмыс тобы құрды. Құжатта «жасыл өсім» және ұлттық экономиканы терең карбонсыздандыру шараларын іске асыру көзделген. Дей тұрғанмен, бүгінге дейін елімізде «жасыл энергетикаға» енгізделген ондаған жоба іске асырылды. Республика бойынша жалпы қуаты 1685 МВт болатын 116 жаңартылатын энергия көзінің нысаны жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «жасыл» энергия өндірісінің көлемі сағатына 3,24 млрд кВт болып, өндірілген жалпы электр энергиясының 3%-ын құраған.

«Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының 2020 жылғы нысаналы индикаторына қол жеткізілгеніне қарамастан, парниктік газдарды төмендетуі тиіс жаңартылатын энергия көздерінің үлесі әлі де мардымсыз», - деп түйіндеді Рүстем Қабжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT