Экология кодексі: Жаңа технология енгізген кәсіпорын экологиялық төлемнен босатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Экология кодексі бойынша өндіріске жаңа технологияларды енгізуде кәсіпорындарға жеткілікті уақыт беріліп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз дайындаған Экология кодексінің жобасы Мәжіліске бармай тұрып, тау-кен өндірісі кәсіпорындары қауымдастығының, «Kazenergy» мұнай-газ және энергетика кешенінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнестің өзге де өкілдерінің мақұлдауынан өткен. Біз реформаны кейінге қалдыратындай ешқандай сылтау жоқ деп ойлаймыз. Өндірістің экологиялизациясына жылдар бойы инвестиция салып келмей, енді карантиннің салдарын алға тартудың қажеті жоқ», - деді Ахметжан Пірімқұлов ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр өз сөзінде халық пен өнеркәсіп өкілдерін алаңдатып отырған негізгі мәселелерге тоқталды.

«Біріншіден, өндірісті экологиялизациялау мәселесі туралы айтайын. Экологиялық кодекс баршаға ашы әрі жаңа технологияларға қол жеткізуді көздейді. Бұл норманы енгізген кезде жаңа технологиялар өндірістік кәсіпорындарға белгілі бір шығын келтіретінін білдік. Алайда онсыз болмайтынын түсінеміз. Қазіргі таңда жаңа технологиялар – Теміртау, Өскемен, Балқаш, Қарағанды секілді қалаларда қоршаған ортаның сапасын қорғаудың бірден-бір жолы. Бұл механизм 2025 жылдан бастап енгізіле бастайды. Алдымен барлық эмиссияның 70 пайызын шығарып отырған Қазақстандағы ірі 50 кәсіпорынды қамтиды», - деді ол.

Ахметжан Пірімқұлов жаңа технологияларды енгізген кәсіпорындар экологиялық төлемдердің кейбірінен босатылып, тиісінше оларға салынатын экологиялық сомалардың мөлшері өспейді. Үнемделген ақшаны кәсіпорындар өз өндірісін жаңартуға жұмсай алады. Бұл ретте Ахметжан Пірімқұлов Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәсіпорындарға едәуір жеткілікті уақыт беріп отырғандығын айтты.

«Экология кодексінің жобасында жаңа технологияларды енгізуден бас тарқан кәсіпорындарды жабу туралы норма жоқ. Бізде тек эмиссия үшін төлемді кезең-кезеңімен көтеру жоспары бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар