​​Экология министрлігінің мемлекеттік қызметтері толық электронды форматқа көшірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік қызметтерін 100%-ға электронды форматқа көшіруді қамтамасыз етті. Мемлекеттік қызметтердің жаңартылған реестріне сәйкес, Министрлікке 42 қызмет бекітілген. Оның бәрі автоматтандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр бұл көрсеткіш 87,23% болса, 2020 жылдың басында 90,7%-ды құрады. Өткен жылы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшірудің 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес 10 қызмет, 2020 жылдың алғашқы жартысында 2 қызмет автоматтандырылды.

Атап өтейік, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру процестің тыңғылықты техникалық дайындығының арқасында жүзеге асты. Осылайша, қазір Министрлікте барлық мемлекеттік қызметті электронды форматта алуға болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, министрлік қызметтерді автоматтандырып қана қоймай, олардың бәрін тек электронды формада ұсынуға ұмтылады. Егер 2019 жылы 28 қызмет электронды формада ғана көрсетілсе, қазір қызметтердің 88%-ы (37 қызмет) электронды формада, яғни қағаз түріндегі баламасыз ұсынылады.
Енді министрлік мемлекеттік қызметтерді дамыту үшін бизнес-процесстерді оңтайландыру және биометрикалық аутентификация технологиясын енгізуді қолға алады.


Соңғы жаңалықтар