Экологиялық акция: Көкшетауда 30 қарағай отырғызылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау - көк қарағай мекені» экологиялық акциясын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысындағы «Арқар» мүсіндік композициясының жанында орналасқан шағын саябаққа 30 қарағай отырғызды.

Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті.

Айта кетсек, бұл акция екінші жыл жалғасуда. Оған қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар