Экстремистік мазмұндағы кітап таратқан тұрғынға айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында экстремистік материалдарды сақтап, таратқан деструктивті діни ағымды ұстанушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде ұлтшылық идеология және радикалды бағыттағы, радикалды нәсілшілдік антисемитизм, христианофобия және антисығандық, діни мазмұндағы әдеби кітаптардың таратылғанын анықтады.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында жарнама авторы – 31 жастағы, бұрын сотталған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Деструктивті діни ағымды ұстанушы ер адам діни кітаптарды сату мақсатында сайтта жариялаған», - дейді ведомстводан.

Осыған байланысты ҚР ӘҚбК 490-бабының 1 бөлігі 3 бөлімшесі бойынша материалдар жинақталып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жүргізу үшін жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша, материалдар экстремистік және Қазақстан Республикасы аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған.

«Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ҚР ӘҚбК 490- бабының 1-бөлігі бойынша заң бұзушы жауапқа тартылды. Сот ер адамға 36 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар