Эльвира Әзімова: Азаматтық қоғам өзіне жауапкершілік алуға дайын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Заманына қарай жастар да қазір трансформациядан өтуде. Қазіргі буынның міндеті - сол трансформацияны оң бағытқа бұру. «Президенттік жаңа саяси реформалар» пакеті атты дөңгелек үстелде ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова осылай деді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Президент көтерген мәселелер (Парламенттің бірінші сессиясында) халықаралық дәрежеде де бұрыннан бері көтеріліп келе жатқаны белгілі. Мемлекет немесе мемлекеттік органдар бұған қарсы болып келді деп айтуға келмес. Әртүрлі реформа қабылданып келді. Осы жиында айтылғандай, қабылданған бір шешімнің соңында толыққанды мәселелер кешені жүретіні заңды. Таяуда жарияланған саяси реформалардың үшінші пакеті туралы айтар болсақ, менің ойымша азаматтық қоғам да өзіне жауапкершілік алуы керек. Азаматтық қоғам ол жауапкершілікті алуға дайын», - деді Эльвира Әзімова дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша адам құқығы әрдайым бірінші орында тұруы керек. Қазақстанның Конституциясында да солай жазылған.

«Әлеуметтік желі дамып, әркім ойына келетінін жаза алатын заманда, ал ол ақпараттың шын-өтірігі тексеріле бермейтін уақытта қоғамда әртүрлі пікір қалыптасады. Өз кезегінде бұл жағдай қоғамды жік-жікке бөлінуі мүмкін. Себебі бәріміз заңға сүйенгенімізбен, моральдық құндылықтар да бар. Әлбетте әр халықтың өзінің ізгі салт-дәстүрлері бар. Оны сақтап, кейінге қалдыру керек. Сонымен қатар қазіргі жастар - осыдан он жыл бұрынғы жастарға ұқсамайтынын да ескерген абзал. Олар әлемді басқаша қабылдайды. Қалайсыз ба, жоқ па олар да белгілі бір трансформациядан өтіп жатыр. Біздің міндет - осы трансформация оңынан болуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар