Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды.


Соңғы жаңалықтар