Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озғаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар