Елбасы халықпен бірге – профессор Сатай Сыздықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында бүгінгі таңда ел басына қиыншылық туған сәтте бұл сынақтан ынтымақ пен бірліктің арқасында сүрінбей өте алатындығымызға сеніммен қарайтындығын дәлелді ой-пікірлерімен білдірген, дейді ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, Этносаралық қарым-қатынастар және ҚХА толеранттылығы орталығының директоры, тарих ғалымдарының докторы, профессор Сатай Сыздықов.

Елбасының еліміздің қай қиын-қыстау кезеңі болсын халықпен бірге болып, тәуелсіздік алған жылдардан бастап жас республиканың тығырықтан жол тауып, жеңіспен өтуіне мұрындық болғаны белгілі.

Ата заңға сүйеніп, «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі»-деген Елбасы кезінде өзі ерекше денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөлу арқылы салынған заманауи ауруханалар мен емханалар, онда істейтін маман дәрігерлер дің бұл жұқпалы дертті жоюда толық мүмкіндіктері бар екендігіне сенімді.

Ең бастысы бұл қатерді жеңіп шығуда мақалада ел бірлігі, ынтымағы, ежелден келе жатқан қазақ елінің тарихи дәуірлер қойнауынан шыңдалған мықты рухына сүйенеді. Тарихымыздағы Төле би, Әйтеке би, Абай данышпан тұлғаларымыздың қанатты сөздерін келтіре отырып, қашан да намысын бермеген, бірлігі бекем халқымыз ел басына төнген қатер-қауіптен аман-есен шыға алатындығын да атап өткен. Аға ұрпақ пен зиялы қауым және жастарға қағидалы сөздерін арнай келе, автор ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана қиындықтарды жеңіп, игілік пен ізгілік қатар өркен жаятынын айтады.

Мақалада тату-тәтті және келісімде өмір сүріп жатқан ортақ шаңырағымыз Қазақстан – халқымыз біздің баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз ретінде қандай да болсын жаһандық қауіп-қатерді жеңіп шығатынымыздың кепілі екендігі көрсетілген.

Ежелгі түркі бабаларымыз «Күндіз отырмадым, Түнде ұйықтамадым, Қара терімді ағыздым...» деп айтқандай, тәуелсіз мемлекеттің аяқтан тұрып кетуіне аянбай тер төккен Елбасы бүгінде ауыртпашылықты халқымен бірге көтеріп, Мәңгілік елдің қауіпсіздігін қорғауда белін бекем буып сапқа тұрғанын елге жеткізіп отыр.


Соңғы жаңалықтар