Елбасы мен Қазақстан Президенті бейбітшіліктің сақталуында маңызды рөл атқарады - Оливер Стоун

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің авторлары оны түсіру барысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің білуімше, Қазақстан кең байтақ ел, бірақ ол туралы Батыста аз біледі. Сол себепті менің қызығушылығымды туғызды. Қазақстан Қытай мен Ресейдің арасында орналасқандықтан геосаяси жағынан Еуразия үшін өте маңызды. Сол секілді Қазақстан Шығыс пен Батыстың арасындағы магниттік алаң орталығында. Қытай мен Ресей жақын орналасқан және екі ел де болашақ үшін маңызды», - деді фильм авторы Оливер Стоун «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әлем елдері өзара қақтығысты тоқтатып, ортақ болашақ үшін біріккені жөн.

«Нұрсұлтан Назарбаев мырза мен сіздердің Президенттеріңіз тек Ресей мен Қытай арасындағы бейбітшілік пен теңгерімнің сақталуында ғана емес, сондай-ақ, АҚШ пен Ресейдің және АҚШ пен Қытай қарым-қатынасында да маңызды рөл атқарады. Аталған үш мемлекет арасында ұзақмерзімді бейбітшілік орнайды деп және климаттық өзгерістер мен басқа да мәселелерді шешуде септігін тигізетін әлем болады деп үміттенемін. Соғыс ашпай, керісінше адамзаттың болашағы үшін бірігу маңызды. Әсіресе бүгінде климаттық өзгеріс ең күрделі мәселелердің бірі болып отыр», - дейді ол.

Еске сала кетсек, украиналық режиссер Игорь Лопатенок ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильм түсірді.



Соңғы жаңалықтар